Спорт Қазақстан
$441.41 €477.78 ₽4.84
×

Құтқарушының жары тағы да үндеу жариялады

AstanaTV
07.02.2024ж. 20:00
598
Құтқарушының жары тағы да үндеу жариялады

«Майқайың алтын» шахтасында қалған құтқарушыларды іздеу жұмысының тоқтағанына туыстары қарсы. Нұрсұлу Шаймерден күйеуінің ең болмағанда денесін тауып беруді сұрайды. Тіпті өзге елдерден білікті мамандарды тартуды талап етті. Өйткені, 1 айдан астам уақыт іздеу жүргізген төтеншеліктер еш нәтиже шығара алмады. Сол себепті бұл мәселені халықаралық деңгейде шешуді өтінді. 

Нұрсұлу ШАЙМЕРДЕН, ҚҰТҚАРУШЫНЫҢ ӘЙЕЛІ:

Қауіптіліктің жоғары екені жақсы түсінем. Бірақ, бұл адамгершілікке жатпайды. Біздің Ата заңымызда еліміздің ең басты құндылығы адам өмірі деп жазылған. Ендеше неге заң үстемдік етпейді. Артында шырылдап 5 баламмен Айдостың әке-шешесі қалды. Осыны ешкім түсінбейді. Біз міне, 1 айдан астам уақыт қайғыдан қансырап отырмыз. Алайда, жағдайымызды сұрап келген аймақ әкімін, не құтқару қызметінің басшыларын көрмедім. Оларға біздің жағдайымыз бәрібір сияқты. Сондықтан да, іздеу жұмыстарының тоқтауына қарсылығымды білдіремін.

Нұрсұлу Шаймерденнің үндеуінен кейін «Майқайың алтын» шахтасы бүгін жұмысты қайта жандандырды. Қазір автобус құлаған аумақта тау-кен инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді. Яғни, құтқарушылардың қауіпсіздігі үшін шыңырау түбіне түсетін жолды кеңейту шаралары қолға алынған. Бұған ондаған техника мен 20 адам жұмылдырылды. Ал жол салынғаннан кейін құтқарушылар іздеу жұмыстарын бастамақ.