Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Еліміздің 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

AstanaTV
07.02.2024ж. 20:00
382
Еліміздің 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 7 облысында ескерту жарияланды. "Қазгидромет" мамандарының ақпаратынша, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында да дауыл күшейеді. Қолайсыз ауа райы екі күнге жалғасады. Қалың қар жауып, ақтүтек боран соғады. Желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетеді. Кей уақыттарда бұдан да күшеюі мүмкін. Сондай-ақ қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.