Алматы әкімі Ерболат Досаев топырақтың лайлануы салдарынан болған техногендік сипаттағы лай көшкен жерге келді.
Сол жерде қала басшысы бүлінген ғимараттарды аралап, шұғыл көшпелі кеңес өткізді.
«Негізгі басымдық – іздеу-құтқару жұмыстары. Үйде болған адамдарды іздеу бойынша жұмылдырылған топтың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет»,- деді Ерболат Досаев.
Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болған.
Әкімнің тапсырмасы бойынша, болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.