Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Универсиада қарсаңында қылмыстың алдын алу шаралары басталды

AstanaTV
05.01.2017ж. 20:00
2432
Универсиада қарсаңында қылмыстың алдын алу шаралары басталды

Қысқы Универсиада қарсаңында қылмыстың алдын алу іс-шаралары басталды. Мұндай шара қала мен оның маңындағы ауылдарды қамтитын болады. Тексеруге ең алдымен арнайы тіркеуде тұрған, қылмысқа бейімі бар азаматтар ілігеді. Қару-жарақты заңсыз сақтаушылар мен террорлық актілердің алдын алуға қатысты іс-әректтер де жүйелі қолға алынбақ.

Қаңтардың аяғына қарай ауқымды спорттық шараға қатысу үшін өзге елдерден бірнеше мың спортшылар мен қонақтар келеді. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - басты мақсатымыз, - дейді ІІД өкілдері. Сондықтан жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары тексеру шараларына түсіністікпен қарап, қолдау көрсетсе дейді. 

Айта кетейік, Қысқы спорт түрлерінен халықаралық Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Бұрын соңды қылмыстар жасаған және жасауы мүмкін деген күдікпен жүретін азаматтарды тексеріп, қадғалайтын болады. Сондай-ақ азаматтық қару иелерін тексереді. Сақтау ережелерін қадағалау. Криминалдық ақуалды тұрақтандыру, қандай да бір қылмыстық әрекеттердің алдын алу үшін жасалып отырған құққытық іс-шара.