Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астана әуежайынан ұшатын 7 рейс және ұшып келетін 8 рейс тоқтатылды

AstanaTV
08.02.2024ж. 22:55
946
Астана әуежайынан ұшатын 7 рейс және ұшып келетін 8 рейс тоқтатылды

Астана әуежайынан ұшатын 7 рейс және ұшып келетін 8 рейс тоқтатылды. Бұл мәліметті Астана халықаралық әуежайы ұсынды.

«Астана қаласы әуежайының әуеайлағында секундына 19 метр жылдамдықпен және екпіні секундына 23 метрге дейін қатты жел соғып тұр. Мұндай ауа-райы ұшақтардың ұшуы мен қонуы кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін. Сондықтан әуе компаниялары жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рейстерді тоқтату немесе кешіктіру туралы шешімдер қабылдайды», - деп атап өтеді әуежайдан.

Әуежай мәліметінше, бүгін елорда әуежайында 72 рейс жоспарланған болатын. Оның ішінде ұшатын 7 рейс, ұшып келетін 8 рейс тоқтатылды. Сонымен қатар, ұшуға 6 рейс, ал ұшып келуге 12 рейс уақыты кешіктірілді. Бұл кідірістер мен тоқтатулар қолайсыз метеожағдайлармен және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен байланысты.

Жолаушылар өз рейстері туралы ақпаратты алу үшін тиісті әуе компаниялармен байланысуы керек.

Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 23 арнайы техника жұмылдырылған.

Рейстер туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан nn-airport.kz қарауға болады. Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейді: 8(7172)702-999.