Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Санжар Тәшкенбай "Странджа кубогінде" қарсыласын оңай ұтты

AstanaTV
08.02.2024ж. 23:45
1717
Санжар Тәшкенбай "Странджа кубогінде" қарсыласын оңай ұтты

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай "Странджа кубогіндегі" алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

www.instagram.com/tashkenbay_sanzhar

Кіші әлем чемпионатына теңелетін Болгариядағы турнирде Санжар Тәшкенбай қырғызстандық Бекзат Ергешовты 5:0 есебімен ұтты. Алғашқы раундтан бастап басымдыққа ие болған боксшымыз қарсыласынан бір бас жоғары екенін көрсетті.

51 келіде өнер сынға түскен спортшы екінші айналымда маңғолиялық Ган-Ерден Ганхпен жұдырықтасады.

Айта кетейік, бұған дейін 6 боксшымыз Болгариядағы турнирдің алғашқы айналымынан сүрінбей өткен болатын.