Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ж.Құламбаева Үндістандағы турнирде жартылай финалға шықты

AstanaTV
08.02.2024ж. 20:00
338
Ж.Құламбаева Үндістандағы турнирде жартылай финалға шықты

Армысыз спорт сүйер қауым, Сіздермен Астана телеарнасында қазақстандық және әлемдік спорттағы басты жаңалықтар туралы күнделікті бес минут айдары. Онымен таныстыратын мен Азамат Серікхан. Біз бастаймыз.

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Санарис қаласында ITF жалғыз разрядты сериясының алғашқы матчын өткізді. Спортшы доминикандық теннисші Джуниор Таварезбен сынға түсіп, екі сетте 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 1/16 финалдық кезеңде өткен тартысты бәсеке бір сағат 45 минутқа созылды. Айта кету керек, қазіргі уақытта қазақстандық спортшы АТР бір разрядты рейтингінде 339-шы орында тұр.

Сондай-ақ Үндістанның Мумбай қаласында ел намысын қорғаған тағы бір теннисшіміз жеңіс туын желбіретті. Жібек Құламбаева ITF сериясының ширек финалында жұптық жарыста өнер көрсетіп, турнирдің жартылай финалына шықты. Оңтүстік кореялық тенисші Сохён Пакпен жұптасқан қазақстандық спортшы француз-ресейлік Карол Монне — Екатерина Яшина дуэтіне қарсы кездесу өткізді. Нәтижесінде қарсыластарын екі сетте 7:6, 6:1 есебімен жеңді. Матч бір сағат 20 минутқа созылды. Айта кетейік, Тайландтағы Нонтабуриде өткен ITF сериясының турнирінде 23 жастағы қазақстандық спортшы грек теннисшісі Сапфо Сакелларидимен бірге жарыста жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

Катарда Азия кубогының екінші жартылай финалы өтті. Дүбірлі додада турнир иелері Иран құрамасына қарсы ойнады. Кездесу барысында ирандық Сердар Азмун 3-минутта есеп ашса, одан кейін қатарлық Джассем Абулсаллам 17, Акрам Афиф 43-минутта мергендік танытты. Ал 53-минутта ирандық Алиреза Джаханбакш пенальтиден таразы басын теңестірсе, Алмоез Али 82-минутта Қатарды алға шығарды. Осылайша Катар қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды. Турнир финалында Катар Иорданиямен ойнайды, матч оныншы ақпанда өтеді.

Нигерия құрамасы Африка ұлттар кубогының финалында Кот-д ' Ивуар командасымен кездеседі. Екінші жартылай финалдық матчта ивуарлықтар Конго Демократиялық Республикасының командасын 1: 0 есебімен жеңді. Ойынның 65-минутта Себастьен Аллер қақпаға допты дарытып, командаға ұпай сыйлады. Күні кеше Нигерия құрамасы бірінші жартылай финалда Оңтүстік Африка командасын жеңіп алып, финалға жолдама алған болатын. Айта кету керек, Африка ұлттар кубогы Кот д ' Ивуарда өтуде, дүбірлі дода финалы 11 ақпанда аяқталады.

«Астон Вилла» мен Челси арасында өткен Англия Кубогының 1/16 финалының матчы аяқталды. Бирмингемде өткен кездесу Лондон клубының 3:1 жеңісімен аяқталды. Конор Галлахер, Николас Джексон және Энцо Фернандес ойында ерекше көзге түсіп, мергендігімен танылды. Ал "Астон Вилла" командасына жалғыз ұпайды Мусса Диаби әкелді. Осылайша, Челси Англия Кубогының 1/8 финалына шықты. Енді құрама ойыншылары жасыл алаңда «Лидс» командасымен сынға түседі. Матч 28 ақпанда өтеді. Англия Кубогының қазіргі жеңімпазы-Манчестер Сити, ол өткен жылғы финалдық матчта Манчестер Юнайтедті 2-1 есебімен жеңді. Англия Кубогындағы жеңіске жету рекордын орнатқан әзірге "Арсенал". Олар турнирдің кубогын 14 мәрте төбелеріне көтерген. Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында Манчестер Юнайтед тұр.

Бильбао "Атлетигі" Испания Кубогының жартылай финалының бірінші матчында 1-0 есебімен жеңіске жетіп, өз стадионында Мадридтің "Атлетикосының" 28 матчтық жеңіліссіз сериясын бұзды. Атлетико былтыр қаңтарда Испания чемпионатында Барселонадан 1-0 есебімен жеңіліс тапқаннан кейін, бірде-бір ұтылып көрмеген. Содан бері Диего Симеоне командасы тек екі рет қана тең түсіп, 26 рет жеңіске жеткен. Король Кубогының алғашқы жартылай финалдық матчы ең төменгі баск жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз допты алаң иелерінің қақпасына Алекс Беренгер пенальтиден соқты. Қарымта матч 29 ақпанда "Атлетика" стадионында өтеді. "Атлетико" есебінде 10 кубок бар. Ал "Атлетик" - Испания Кубогындағы 23 атағы бар екінші ең табысты клуб.

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін! Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді. Сонымен қатар, 1 ақпаннан бастап Винлайн Ресей Премьер лигасының қысқы кубогы өтуде. "Қайрат" футбол клубымен және Винлайн компаниясымен бірге Сіз Абу-Дабиге жолдама және бағалы сыйлықтар ұтып ала аласыз! Спорт әлемінен келіп түскен жаңалықтар легі осындай, жеңісті күндерде жүздескенше, сау болыңыздар!