Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Венецияда «JERUIYQ» қазақ ұлттық павильоны ашылады

08.02.2024ж. 20:00
335
Венецияда «JERUIYQ» қазақ ұлттық павильоны ашылады

Қазақстандық суретшілердің туындылары Венецияда көрмеге қойылады. Осымен 60-шы рет ұйымдастырылатын өнер биенналесінде «Жерұйық» атты ұлттық павильон ашылады. Онда 70 жылдардан бергі суретшілердің болашақты елестетіп бейнелеген мифтік туындылары қойылады. Бұл фестиваль екі жылда бір өтеді. Оған әлемнің 90 мемлекетінің қылқалам шеберлері қатысады. 

Анвар МҮСІРЕПОВ, «JERUIYQ» ҰЛТТЫҚ ПАВИЛЬОНЫНЫҢ КУРАТОРЫ:

«Jeruiyq» - ізденіс пен жол метафорасын қамтитын Қазақ аңыздарынан алынған утопия. Экспозицияда футуристік көкжиектер мен қазіргі кезеңге дейінгі суретшілердің қиял әлемі ұсынылады. Қазақстандық суретшілердің жұмыстары мұқият таңдалды. Көрме 7 ай бойы шетелдіктердің назарына ұсынылады.