Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қарағандыда күрелмеген қар үшін әкім, шенеуніктер бастаған 83 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

08.02.2024ж. 20:00
297
Қарағандыда күрелмеген қар үшін әкім, шенеуніктер бастаған 83 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Қарағанды облысында күрелмеген қар үшін әкім, шенеуніктер бастаған 83 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Полиция департаменті жол тазалығын қамтамасыз етпеген басшыларға 5 млн теңге көлемінде айыппұл салған. Күре жолдардың жағдайын полицейлермен бірге өңірдегі тілшіміз барып көрді. 

«Вот где чишена? покажите»

Төрт жолақты республикалық трасса. Қазір бұл жерден көліктер бір қатармен әрең жүреді. Жолдар дер кезінде күрелмеген. Кедір- бұдыр, көктайғақ. Құм себілмеген. Полицейлер жолдардың қардан дұрыс аршылмағанын дәлелдеп бақты. Құқық қорғау органы өкілдерінің айтуынша, жол тазалайтын компаниялардың техникасы тапшы, әрі жауапсыз, оның үстіне жергілікті билік өкілдері оларды қадағаламайды. Түнгі рейд барысында бірнеше компания бригадирлері Полиция департаменті басшылығынан ескерту алды.

Ерлан ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

«83 хаттама толтырылып, оның ішінде 4 әкім және де қаз автожол ұлттық компаниясының директорының міндетін атқарушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Уақытында тазартпай қалады, кейде техниканың аздығынан жолды накат дейміз ғой мұз алып қалады».

Мердігер компаниялар расымен де тазалап үлгермей жатқандарын жасырмады. Тендерді ұтып алған, бірақ техниканы жалға алады. Жұмысшылары да тапты.

Бақтияр СМАИЛОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

«11 единица техника, 4 автогрейдер бар, екеуін жалға аламыз. Участогымыз үлкен. Бір бағыттан екінші бағытқа үлгергенше, жол тапталып қалып жатыр. Содан үлгере алмай жатырмыз».

Полицейлердің айтуынша, жолдардың дер кезінде тазартылмауы көлік апаттарының көбеюіне әкеліп соққан. Жуықта Осакаровкада жолдан тайған көлік тоқтап тұрған машинаны соғып салдарынан 3 адам өмірден озған. Тек жыл басынан бері аймақта 25 оқиға тіркелді. Салдарынан 13 адам көз жұмып, 16-сы жарақаттанған.