$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Боранда баласымен бірге адасып кеткен әйел табылды

AstanaTV
08.02.2024ж. 19:21
994
Боранда баласымен бірге адасып кеткен әйел табылды

Құтқарушылар Ақтоғай ауданында боранда баласымен бірге адасып кеткен әйелді тапты.

Ақтоғай ауданының Айыртас ауылында 7 ақпанда күндізгі сағат екі шамасында баласы бар әйел боран кезінде үйден шығып, қайтып оралмаған.

Құтқарушылар жоғалған адамдарды 7 ақпанда түнгі сағат 00:46-да туыстарына хабарласқаннан кейін іздеуге кіріскен. 1993 жылы туған әйел мен 2017 жылы туған бала Айыртас ауылынан батысқа қарай 6 км жерде сағат 8:50-де табылды, - делінген хабарламада.

Құтқарылғандар Ақтоғай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.