Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Павлодар облысында ауру жануардың сүтін ішкен бала бруцеллезге шалдықты

AstanaTV
09.02.2024ж. 08:52
671
Павлодар облысында ауру жануардың сүтін ішкен бала бруцеллезге шалдықты

Прокурорлар ветеринария саласын тексеру кезінде өрескел бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, жалған вакциналау анықталды, аса қауіпті аурулардың бар-жоғын тексеру үшін патологиялық материалдар жіберілмеген, инфекцияға күдікті жануарларды оқшаулау туралы нұсқамалар шығарылмаған.

Тексеру барысында ветеринариялық пунктердің бірінде 450 бас жануарға сібір жарасына және құтыруға қарсы вакциналау жүргізбеу фактілері анықталды. Бұл ретте ветеринарлық дәрігерлер жануарларды өткізу үшін анықтамалар берген және мал союға бейімделмеген жерлерде сойылған.

– Аса қауіпті ауруларға оң әсер көрсеткен мыңнан астам жануар есептен жасырылған. Вакциналар заңнама талаптарын және температуралық режимді бұза отырып, бейімделмеген жерлерде: от жағатын және басқа да қосалқы үй-жайларда сақталған. Жоғарыда аталған бұзушылықтар жалпы халық арасында инфекцияның жаппай таралуына әкелуі мүмкін, – дейді прокуратурада.

Бұған Баянауыл ауданында ауру жануардың сүтін тұтыну арқылы үш жасар баланың бруцеллез ауруына шалдығуы дәлел бола алады.

Барлық баяндалған фактілер бойынша облыс прокуратурасы алдын ала прокурорлық қадағалау шараларын қабылдады.