Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Павлодардағы төтенше жағдайлар қызметі су тасқыны қаупі бар аумақтарда тәулік бойы мониторинг жүргізуде

AstanaTV
11.02.2024ж. 11:21
761
Павлодардағы төтенше жағдайлар қызметі су тасқыны қаупі бар аумақтарда тәулік бойы мониторинг жүргізуде

Автожолдар мен елді мекендер ішіндегі су құбырлары қардан аршылып жатыр. Кейбір аумақтарда еріген қар суы біртіндеп ойпаң жерлерге жиналып жатқаны байқалады.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, ведомствоның аудандық бөлімшелері су тасқыны қаупі бар аумақтарда тәулік бойы мониторинг жүргізуде.

«10 ақпан күні «ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп, тас жол бойындағы су жинала бастаған қауіпті аймақтар анықталды. Барлық аудандарда су өткізгіш құбырларды тазалау және ашу жұмыстары жүргізілді. Соның арқасында су деңгейі айтарлықтай төмендеп, тасқын қаупі жойылды. Жағдайды бақылау үшін тәулік бойы вахта ұйымдастырылды», деп мәлімдеді департаменттегілер.