Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Жетісуда қожалықтың басшысынан ақша бопсалаған адам ұсталды

AstanaTV
11.02.2024ж. 10:28
1153
Жетісуда қожалықтың басшысынан ақша бопсалаған адам ұсталды

Жетісу облысында шаруа қожалығының басшысынан ақша бопсалаған адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шаруа қожалығының басшысын бопсалады деген күдікке ілінген Қаратал ауданының тұрғынын ұстады.

Жедел уәкілдермен ер адам ұсталды, ол шаруа қожалығының басшысын қорқытып, миллион теңге бопсалаған. Қорқытып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда. Күдікті қамауға алынды, - деп атап өтті Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығының м.а. Аслан Абылов.