Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Мүгедек балалардан заңсыз 6,6 млн теңге жеке табыс салығы ұсталған

AstanaTV
11.02.2024ж. 16:09
1226
Мүгедек балалардан заңсыз 6,6 млн теңге жеке табыс салығы ұсталған

 Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау бойынша қадағалау жұмыстары шеңберінде жеке табыс салығын және басқа да төлемдерді негізсіз ұстап қалу түрінде өрескел бұзушылықтар анықталды.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасынан мәлім болды.

Мамлют, Шал ақын, Тайынша аудандарында жұмыс берушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 2022-2023 жылдар бойынша 346-бабын бұза отыра мүгедек балалардың 74 заңды өкілдерінен жалпы сомасы 6,6 млн теңге жеке табыс салығы ұсталған, ал шын мәнінде соңғысы оларды төлеуден босатылған.

Ақжар ауданында 19 мүгедекке қатысты Кодекс талаптарына қайшы көлік салығы мен мемлекеттік баж салығы заңсыз ұсталған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекеттік кіріс органдары жоғарыда аталған тұлғаларға 2,3 млн теңгені қайтаруды қамтамасыз етті, қалған сома бойынша жұмыс жалғасуда.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау сұрағы прокуратураның ерекше бақылауында.