Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ақтөбе облысындағы тас жолда 30 шақырымдық көлік кептелісі пайда болды

AstanaTV
11.02.2024ж. 15:13
1382
Ақтөбе облысындағы тас жолда 30 шақырымдық көлік кептелісі пайда болды

Хромтау қаласы мен Қарабұтақ ауылы арасында 30 шақырымдық көлік кептелісі орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"ҚазАвтоЖолдың” мәліметінше, Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жол жөндеушілер тәулік бойы жұмыс істеп жатқаны айтылады.

Ауыр жүк көлігінің жүргізушілері көліктерін 4 шақырымға екі-үш қатарға қойып қойған. Бұл жол бөлігіндегі қарды тез арада тазалауға кедергі келтіріп, жолшылардың жұмысына кедергі келтіруде.