Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Астанадағы тұрғын үйдің қаптамасы опырыла жаздады

AstanaTV
11.02.2024ж. 20:26
2763
Астанадағы тұрғын үйдің қаптамасы опырыла жаздады

Астаналық жедел құтқару жасағының құтқарушыларына көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы құлайын деп тұрғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткеннен кейін тұрғын үй кешенінің 12 және 13-қабаты арасындағы сыртқы қаптамасының керомагнитінің құлағалы жатқанын көрген.

Құтқарушылар кешеннің үстіңгі қабатынан альпинисттік арқан арқылы түсіп, керомагнитті бөлшектеу жұмыстарын жүргізген.