Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жедел жәрдем жүргізушісіне тағы да шабуыл жасалды

AstanaTV
12.02.2024ж. 07:12
1270
Жедел жәрдем жүргізушісіне тағы да шабуыл жасалды

Ақмола облысында жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасалды. Бұл жолы оқиға Щучьедегі жанармай құю бекетінде болған. Полицейлер шабуыл жасаған адамды ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуылдың видеосы Instagram желісіндегі tirazh.kz паблигінде жарияланды. Оқиға кеше қаладағы жанармай құю бекеттерінің бірінде болған. Видеода ер адамның жүргізушіні жібермей соққыға жығуға әрекет жасағанын, ал үшінші жедел жәрдем қызметкері оларды ажыратпақ болғанын көруге болады.

"Жедел жәрдем көлігіне жанармай құю кезінде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасалды. Алғашында басқа көліктің жүргізушісі жол бергісі келмеді. Жедел жәрдем бригадасы шақыртуға асыққан", - деп жазылған видео сипаттамада.

Ал, Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам қазір ұсталды.