Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Алматы музейінде белгілі журналист, тележүргізуші Бейсен Құранбекке арналған көрме ашылды

12.02.2024ж. 20:00
732
Алматы музейінде белгілі журналист, тележүргізуші Бейсен Құранбекке арналған көрме ашылды

Алматы музейінде белгілі журналист, қоғам қайраткері, тележүргізуші Бейсен Құранбектің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды. Бейсен Құранбек – Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері. Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған журналист «Айтуға оңай», «Қарекет» сынды бағдарламаларымен көпшілікке кеңінен танылды. Көрмеде журналистикаға өлшеусіз үлес қосқан біртуар азаматтың өткен күнінен сыр шертетін фотосуреттері, құжаттары мен марапаттары ұсынылды. Бұдан бөлек бағдарлама жүргізуге киген киімдері мен қолжазбалары қаз-қалпында сақтаулы тұр. Көрменің ашылуына қазақ телевизиясының майталмандары, танымал журналистің жақындары мен шәкірттері қатысты.

Гүлмира ЗЕРБАЙ, Б. ҚҰРАНБЕКТІҢ ЖҰБАЙЫ:

Бірінші кірген бойдан мен қатты толқыдым өз басым. Өйткені кірген бетте жан-жақта Бейсекеңнің жарқын бейнелері, суреттері, бейнероликтері өте әсерлі жасалған. Музей қызметкерлеріне осы жұмыстары үшін көп рақмет айтамын. Бейсекеңнің жүріп өткен жолы өскелең ұрпаққа үлкен үлгі деп есептеймін. Міне, үш жарым жылға жуық уақыт өтті, жан - жақтан құрмет белгілері, халықтың ықыласы көрініп жатыр.