Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтаулық студенттер жатақханалардағы жағдай туралы айтты

12.02.2024ж. 20:00
777
Ақтаулық студенттер жатақханалардағы жағдай туралы айтты

"AMANAT" партиясының мүшелері жатақханаларға мониторинг жүргізуін жалғастыруда. Бұл жолы олар Ақтаудағы студенттер жатақханасында болды. Қалада 7 жатақхана бар, оның үшеуіне тексеру жүргізілді. Жалпы шарттар ғана емес, медициналық дәрі-дәрмек шкафтарының құрамы және олардың жарамдылық мерзімі сияқты ұсақ-түйектерге де назар аударылуда. Төсек саны мен құбырларға жөндеу жұмыстары туралы айтылды.

Абзал МАРАТ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Үлкен мәселелер жоқ. Студенттермен сөйлестік, олардың да айтарлықтай шағымдары байқалмайды, тек уақытты талап ететін біраз сұрақтары бар. Біздің мақсатымыз - белгіленген кемшіліктерді жойып, студенттерге қолайлы жағдай туғызу.

18 жастағы Наиля Ақтауға Алматыдан келген. Болашақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жаңа жатақханада жайлы тұру үшін барлық жағдай жасалғанын айтады.

Наиля БЕКМАМБЕТОВА, СТУДЕНТ:

Бізде сантехниктер де, электриктер де бар. Заттарымыз бұзылған жағдайда, арнайы журналға шағымдарымызды жазамыз. Олар бірден келіп реттеп кетеді. Бірнеше күн бұрын суық су болмаған. Сол күні түсте келіп бәрін жөндеп берді.