Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады

12.02.2024ж. 20:00
364
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлын қабылдады. Әкім өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Былтыр аймақтағы инвестиция көлемі 14 процентке өсіп, 210 миллиард теңгеге жеткен. Жалпы сомасы 10 миллиард теңге болатын 3 ірі жоба іске асырылды. Биыл олардың санын 16-ға жеткізу жоспарланып отыр. Нәтижесінде өңірде 700 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұдан бөлек, 3600 орындық 6 мектеп, 10 спорт нысаны, 5 ойын кешені салынады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Әбдіғалиұлына бірқатар тапсырма берді.

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Сапалы су мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында. Биыл ол жұмыстар жалғасады. Ендігі жылы осы мәселелер толықтай шешілуі керек. Сонымен қатар, Қызылорда-Жезқазған бағытындағы жол құрлысы бойынша да Мемлекет басшысы сұрады. Оны қазір Көлік министрлігінің мәліметі бойынша, биыл құрылысы басталады.