Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Кәмелетке толған 100-ден аса азамат қаржысын алуға өтініш берді

Кәмелетке толған 100-ден аса азамат қаржысын алуға өтініш берді

«Ұлттық қор балаларға» жобасы бойынша есепшотына қаржы түскен 100-ден астам тұрғын қаражатты алуға өтініш берді. Кәмелет жасқа толған 49 азамат баспана алуға, 54-і оқу ақысын төлеу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өтініш қалдырған. Оның ішінде 63 тұрғынның сұранысы орындалды. Ал 21-і қарастырылуда, 19-ы кері қайтарылды.

Мұрат ШӘРІПОВ, «БЖЗҚ» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Қабылданбау себептері кейбір азаматтарымыз бірнеше өтініш енгізген. Және де соммасын немесе деректерді қате көрсеткен. Сондықтан ол азаматтар өтініштерін түзеп, қайтадан өтініш беруіне мүмкіндіктері бар.

Елімізде ең көп бала Түркістан облысында тұрады. Оңтүстік өңірдегі 922 841 балаға 92 АҚШ долларынан астам қаржы есептелген. Мамандардың айтуынша, әзірге ата-аналардан «ақша түскен жоқ» деген шағым түспеген.

Айбол АРҒЫНҒАЗИНОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

304 815 бала осы қаражатты 2024 жылы пайдалана алады. Қазіргі таңда салалық министрліктердің бұйрықтарымен қаражатты білім алу және тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану тәртібі айқындалған.