Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Алматы облысында 17 жастағы қызға есірткі егіп, зорлық көрсеткен

12.02.2024ж. 20:00
367
Алматы облысында 17 жастағы қызға есірткі егіп, зорлық көрсеткен

Алматы облысында 17 жастағы қызға есірткі егіп, зорлық көрсеткен. Бұл туралы «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі мен «Ag-alem аналардың құқығын қорғау» қоғамдық қорының басшысы Ақмарал Басирова әлеуметтік желіде жариялады.

Оның сөзінше, бұл сұмдық 3 жылдан бері жалғасып келген. Бір ай уақыт бұрын бойжеткен психотроптық затты артық мөлшерде пайдаланған күйі Қарасай ауданындағы ауруханаға түсті. Қазір ол оңалту орталығында ем қабылдап жатыр. Жасөспірімге зорлық көрсетті деген бірнеше күдікті бар. Облыстық Полиция Департаментінің аумақтық бөлімшесі оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Бауыржан ӘЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫ:

Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті азамат қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысын мен өзімнің ерекше бақылауыма алдым. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.