Әсел Дүйсенбаева 2000 жылы қиын жағдайға тап болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әсел 16 жасында жоғалып кеткен. Душанбе-Саратов бағытындағы пойызға отырып, Тәжікстанға барған. Душанбедегі дәмханалардың бірінде даяшы болып жан бағып жүрген жерінен қазақстандық азамат елге алып келген.
Кәсіпкердің Тәжікстанда жүрген қазақ қызының туыстарын іздеген хабары WhatsApp әлеуметтік желісінде тараған.
Қазақстандық дипломаттар іске араласқан. Қыздың қолында ешқандай құжаты жоқ. Атыраудан туу туралы актілік жазбаның көшірмесін шұғыл сұратып, соның негізінде елге қайтып оралуға арналған куәлік рәсімделген.