Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматыда белгісіз ер адам дүкенде оқ жаудырды

AstanaTV
13.02.2024ж. 10:02
708
Алматыда белгісіз ер адам дүкенде оқ жаудырды

Желіде Алматыда ер адам көкөніс сататын дүкенде оқ жаудырғаны түсіп қалған бейнежазба тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Видеода сұр күртеше киген ер адам дүкенге кіріп, бей-берекет оқ жаудыра бастағанын көруге болады. Сондай-ақ ол бір адамды жаралады.

Оқиға 2023 жылы 30 желтоқсан күні сағат 3:00-де Sholpan city ТК-де болғаны айтылуда.

Алматы ПД бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп, күдіктінің қолға түскенін мәлімдеді.

Алматы қаласы Полиция департаменті алғашқы тексеру шараларын ескере отырып, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды. Ал келесі күні ПД тергеу басқармасы адам өлтіруге оқталу бабына ауыстырды, - деді ведомстводан.

Сонымен қатар заттай айғақ алынған. Сәйкес сараптамалар тағайындалды.

Істі тергеу барысын ПД басшылығы бақылауға алғандарын жеткізді.