Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Мүгедек баланы ұрып-соққан мұғалімнің әрекеті камераға түсіп қалған

AstanaTV
13.02.2024ж. 09:18
567
Мүгедек баланы ұрып-соққан мұғалімнің әрекеті камераға түсіп қалған

Павлодардағы оңалту орталығында мұғалім мүгедек баланы ұрып-соққаны анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оның әрекеті ғимараттағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Орталықтағы педагог сабақ беру үстінде мүмкіндігі шектеулі балаға дөрекілік танытып, күш көрсетуден тайынбаған.

Ал баланың туыстары бұл орталықтың ақылы қызмет ететінін айтады. Жәбір көрген баланың ата-анасы бұл істі жәй қалдырмайтынын айтады.

“Бұл мұғалім жұмыстан шығарылды, бірақ біз оның осы ісі үшін жауап беріп, түрмеде отырғанын қалаймыз”,- дейді отбасы.

Қаладағы орталықтың мұғалімі қазір бап бойынша жұмыстан босатылған.