Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстанда мобильді аударымдар тетігі қайта қаралады

AstanaTV
13.02.2024ж. 12:53
740
Қазақстанда мобильді аударымдар тетігі қайта қаралады

Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін брифингте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол бұл сұрақ өте маңызды екенін атап өтті.

Сондықтан мен бұл мәселені қайта қарауды тапсырамын. Бұл мәселені қаржы-экономикалық блокта тағы бір рет қарастырамыз. Тетік пен критерийлерін егжей-тегжейлі талқылаймыз, - деді Байбазаров.

Үкімет мүшесі бұл мәселеге қайта оралатындарын жеткізді.

Елімізде ай сайын 100 адамнан мобильді аударым алғандардың шоты тексеріледі. Бұл 3 ай қатарынан қайталанса, банк азамат жайлы кірістер органдарына есеп береді.

Мобильді аудармаларды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметтің көлеңкесінен шығуға бағытталған.

Кейбір кәсіпкер сатылған тауар немесе қызмет үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар бақылау-кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектер берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады.

Тексеру критерийлеріне үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді аударымдар алған тұлғалар ғана жатады. Яғни кәсіпкерлерлік қызмет белгілері болған жағдайда ғана сұрақтар туындайды.