Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Биыл олимпиадаға баруы керек еді": Танымал спортшы жол апатынан қайтыс болды

AstanaTV
13.02.2024ж. 14:25
822
"Биыл олимпиадаға баруы керек еді": Танымал спортшы жол апатынан қайтыс болды

Ерлер арасындағы марафонда әлем рекордын орнатқан 24 жастағы кениялық Келвин Киптум жол апатынан мерт болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол өзінің жаттықтырушы Руанда Гервасе Хакизиманамен бірге жексенбі күні Кенияның батысындағы жолда қайтыс болды.

Екі спортшы да осы жылдың соңында Париж Олимпиадасына Кения құрамында қатысады деп жоспарланған еді.

Дүниежүзілік жеңіл атлетиканың президенті Себастьян Кое Киптумның "керемет мұра қалдыратын ғажайып спортшы" екенін айтты.