Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Құсбегіліктен ХVII Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

13.02.2024ж. 20:00
886
Құсбегіліктен ХVII Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Құсбегіліктен ХVII Қазақстан чемпионаты аяқталды. Шығыста өткен біріншілікке еліміздің 10 облысы мен 2 қаладан 100-ге жуық үміткер қатысты. Тіркеуден 61 бүркіт, 21 қаршыға, 14 ителгі өтіп, құсбегілер өзара сынға түсті. Чемпионатты тамашалауға бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы да келді. Ол ауа райының қолайсыздығына қарамастан, сайыстың өте тартысты өткенін айтады. Жарыс қорытындысымен атыраулық Сармат Абдулкәрімұлы Каспий атты бүркітімен Бас бәйгені қанжығаға байлады.

Арман ҚОШҚАРОВ, ҚҰСБЕГІ:

Қазір баяғыдай емес, бұрында енді тәй-тәй бастаған кезде, құсбегілеріміз жан-жақтан тәжірибе алмасуы аз болды. Қазір жарыс көп болған сайын спортсмендер мықты, әр облыс мықты. Моңғолиядан келген, Қытайдан келген қандастарымыз да үлесін қосып жатыр.

Ибрагим БАЗАРБАЙ, ҚҰСБЕГІ:

Өзіміздің атадан келе жатқан өнеріміз. Осыны әйтеуір әлемге паш етсек, басқа ұлттарға таныстырсақ, ұлтымыздың өнерін дамытсақ содан артық бізге бақыт жоқ.