$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өндіріс орындарында жылына 1500-ден астам адам жарақат алады

Өндіріс орындарында жылына 1500-ден астам адам жарақат алады

Еліміздегі өндіріс орындарында жылына 1500-ден астам адам жарақат алады. Оның 250-ден астамы алған жарақатынан қайтыс болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Жұмысшылардың қайтыс болу көрсеткіші 2022 жылмен салыстырғанда 22 пайызға артқан.

Светлана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Кәсіпорындардың цифрлық картасын 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап қолдана бастаймыз. Бұл нақты уақыт режимінде еңбек жағдайларына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Кәсіпорындар бойынша барлық мәліметтер министрліктің ақпараттық жүйелеріне автоматты режимде жіберілетін болады.

Қазір Мәжілісте Еңбек қатынастары туралы жаңа заң жобасы қарастырылуда. Депутат Асхат Аймағамбетов Еңбек инспекцияларын министрлікке тікелей бағындыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ оларға нақты құзыреттілік беруіміз керек, дейді.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Проблемаларды анықтасақ, беретін не? Ескерту. Тіпті ешқандай айыппұл да жоқ. Тек қана ескерту біз арнайы түзетулерді бердік. Қазір министрлікпен бірге, үкіметпен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Біз ескерту емес, нақты тиісті мекемелерге айыппұл, әлде басқа да шаралар қолдану керек еді ойлаймыз.