Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматы облысында балалардың отпен ойнауынан өрт шықты, 3 бала ауруханада жатыр

13.02.2024ж. 20:00
295
Алматы облысында балалардың отпен ойнауынан өрт шықты, 3 бала ауруханада жатыр

Қонаев қаласындағы төрт қабатты үйлердің бірінде пәтер өртенді. Төтеншеліктердің мәліметінше, балалар сіріңкемен ойнап, от тұтатқан. Үйдің бірнеше бөлмесін өрт шалған. Тілсіз жау толығымен дер кезінде ауыздықталды. Көмірқышқыл газымен уланды деген күдікпен 5 бала ауруханаға жеткізілген. Тексерулерден кейін жеткіншектердің үшеуі үйлеріне жіберіліп, екеуі ауруханаға жатқызылды.

Ермек МОМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 7 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, жедел медициналық жәрдем қызметінің 6 қызметкері және 2 бірлік техникасы, Полиция департаментінің 7 қызметкері және 2 бірлік техникасы шықты.