Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда үш автобус пен бір жеңіл көлік жол апатына ұшырады, зардап шеккендер бар

13.02.2024ж. 20:00
410
Алматыда үш автобус пен бір жеңіл көлік жол апатына ұшырады, зардап шеккендер бар

Алматы үш автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, 17 адам зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, бұл маңда қоғамдық көліктердің қатысуымен жол апаты жиі болады. Оған не себеп болуы мүмкін? Оқиғаның мән-жайын Әйкерім Пернебек жеткізеді.

Жол апаты Райымбек даңғылы бойында болған. 54-ші және 133-ші бағыттағы автобустар Nexia жеңіл көлігімен соқтығысқан. Сол сәтте 88-ші нөмірлі қоғамдық көлікке тиіп, оған да зақым келген. Кейбіреулер жиілеп кеткен жол апаттарын жүргізушілердің салғырттығынан көрсе, енді бірі ақ қар, көк мұзда көлік басқару қиын екенін айтады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Оншақты скорый тұр екен, барып көрдім. +00:13 Ішінен адамдарды алып шығып, алып кетіп жатыр екен.
- Қар жауған сайын, жол тайғанақ болғаннан кейін, тормозы дұрыс ұстамай көбінесе авария болып жатады.
- Бывает да… Осындай жағдайлар жиілеп кетті, автобустар қатты жүріп әр нәрсеге көңілін бөліп отырады. Кейде қатты қорқамыз.

Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына 14 адам жеткізілді. 10 адам амбулаторлық емге жіберіліп, 3 науқас ауруханаға жатқызылды.

Шайхитдин БАДИРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлық науқастар қабылдау бөлімінде толық деңгейлі тексерулерден және барлық медициналық көмек толыққанды көрсетілуде. 3 науқас ауруханаға жатудан бас тартты.

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, үш қоғамдық көлік жеке тасымалдаушыларға тиесілі. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Салтанат ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Болған оқиғаның толық мән жайлары анықталып, кінәлі азаматтар анықталып, міндетті түрде жауапкершілікке тартылатын болады. +Ол үшін авто-техникалық сараптама тағайындалады. Жәбірленушілердің дене жарақаттарының ауырлық деңгейін де көзбен өлшеп белгілей алмаймыз, ол үшін сот медициналық сараптама тағайындалады. Осы кешенді жұмыс жүргізілгеннен кейін, істің қай бағытта тергелетіні анық болады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жол апатының нақты себептерін анықтауға бірнеше апта керек.