Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

“Мектептен оралмаған”: із-түзсіз жоғалған 11 жастағы қыздың жағдайы белгілі болды

AstanaTV
14.02.2024ж. 12:00
16601
“Мектептен оралмаған”: із-түзсіз жоғалған 11 жастағы қыздың жағдайы белгілі болды

София Бикенова сағат 19:00 шамасында №84 мектеп-лицейден шығып, үйіне қайтпаған. Бұл туралы "Лидер" еріктілері хабарлады.

Сағат 21:00-ден бастап полицейлер, еріктілер, көршілер, мектеп оқушыларының ата-аналары және барлық мүдделі елорда тұрғындары баланы іздестірді.

"Барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, бала жүріп өткен барлық жолдар бойындағы бейнебақылау камералары қаралды.Іздеуге еріктілер де үлкен көмек көрсетті.Қабылданған шаралардың арқасында бала табылып, ата-анасына", - деп  хабарлайды қалалық полиция департаменті. 

Қыз аман-есен Астанадағы пәтерлердің брінен табылған.