Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстандықтардың төрттен бірі ғана кітап оқиды

14.02.2024ж. 20:00
1498
Қазақстандықтардың төрттен бірі ғана кітап оқиды

Бүгін – халықаралық кітап сыйлау күні. Google компаниясының 2012 жылғы зерттеуі әлемде 132 млнға жуық кітап барын көрсеткен. Жыл сайын 800 мың жаңа кітап басылатынын ескерсек, қазір кітап қоры 141 млнға жуықтады. Қазақстандықтар кітап оқи ма? Кітап сыйлау үрдісі біздің қоғамда қаншалықты дамыған? Айсауле Съезбек айтады.

Қоғамдық саясат институының зерттеуінше, ел азаматтарының төрттен бірі ғана кітап оқиды. Мүлдем оқымайтындардың 52 проценті уақыт жоқ десе, 21,4 проценті ұнатпаймын деп жауап берген. Ал астаналық Фарида Аманғалиева кітап оқитын орта қалыптастыруды қалайды. Жолдасы екеуі кітап сыйлауды насихаттайды.

Фарида АМАНҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қуантарлық жағдай жастар арасында кітапты өте жақсы оқиды. Жастарды кітап оқуға дәріптеу мақсатында біздер осы жобаны қолға алған болатынбыз. Бір жыл толады бұл жобамызға. Яғни, «кітапхадия – сыйлыққа кітап беру» деген мағынаны білдіреді.

Ең көп кітап оқитын тұрғындар Шығыс Қазақстанда тұрады. Олар орта есеппен жылына 10 кітап оқиды. Кітапқұмарлар тізімінде 6-7 кітаппен солтүстік қазақстандықтар мен ақмолалықтар тұр. 3-4 кітаппен Шымкент,Ұлытау, Жетісу облыстары үшінші орында.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Қазір кітап сыйлау көбісі негізі былай сыйлай бермейді ғой. Біреудің айтуымен болмаса.
- Очень много молодежы интересуется, смотрят, выберают, читают. Намного лучше ситуацию, чем нам кажется.
- Өзім сыйлап көрген жоқпын. Қазір енді үлкен кісімін ғой. Бұрын жас кезімде сыйлағам. Өзім кітапханада істедім.

Зерттеушілер 61-ден асқан аға буын өкілдері жиі кітап оқиды дейді. Еркектерден әйелдер, ауыл тұрғындарына қарағанда қалалықтар кітапты көп кеміреді. Ал әлемде көп кітап оқылатын мемлекеттердің үштігіне Франция мен Канада, АҚШ пен Оңтүстік Корея кіреді. Қазақстанда одан 3,5 есе аз.