Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған шара өтті

14.02.2024ж. 20:00
1896
Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған шара өтті

Елордада Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған шара өтті. Әбілхан Қастеев 1904 жылы дүниеге келген. Оның табиғи дарыны бала кезінен байқалды. Ұзақ күндерін жайылымда, табиғат аясында жалғыз өткізген ол әктастан әртүрлі мүсіндер ойып, саздан қолөнер бұйымдарын жасайтын болған. Ерекше қолтаңбасы бар дарын иесі аңызға айналған талай адамның бейнесін айнытпай салды. Қазақ бейнелеу өнерінің дарабозы Әбілхан Қастеевтің суреттері тек еліміздің көрмелері мен мұражайларында ғана емес, шет елдерде де жақсы танылып, ерекше бағаланды. Қылқалам шебері саналы ғұмырын Қазақстан бейнелеу өнерін дамытуға жұмсады. Он жылға жуық Қазақстан Суретшілер одағын басқарды.

Сейсенхан МАХАНБЕТ, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазақстанның басынан өткен түрлі оқиғаларды өзінің қаламына іліп, өзінің бояуымен шығармаларын жазған. Әсіресе мына "Турксиб" картинасы бар, "Амангелді" картинасы бар. Тағы басқа үлкен тарихи полотнолары ол кісінің тарихи шыңы болып қалды. Өйткені ол өмірден ойып өз көзімен көріп, өзі зерттеп жазған ұлы шығармалар. Енді бұл Қастеевтің шығармаларын үздіксіз насихаттау қазіргі ұрпақтың, қазіргі өнер сүйер қауымның міндеті деп ойлаймын.