Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтөбеде мерзімінен бұрын босап шыққан бес адам қайта қамауға алынбақ

14.02.2024ж. 20:00
808
Ақтөбеде мерзімінен бұрын босап шыққан бес адам қайта қамауға алынбақ

Ақтөбеде мерзімінен бұрын босап шыққан бес адам қайта қамауға алынбақ. Себебі, олар тәртіпті бұзып, шалыс басқан. Қалалық полиция басқармасында 140 адам есепте тұр. Полицейлер олардың кешкі оннан таңғы алтыға дейін өз үйінде болуын, көңіл көтеру орындарға бармауын,ішімдік ішпеуін, алыс-жақын жерлерге сапарға рұқсатсыз кетпеуін қадағалайды.

Мадияр ӘКЕНТАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 14 ақпанға дейін қызіргі таңда біз 5 тұлғаны түзеу мекемесіне кейін қайтардық. Құқық бұзушылық жасаса біз оны әрі қарай түзеу мекемесіне қайтарамыз. Яғни түзеу мекемесіне қайтарғанда ол шыққан бес жылын қайта өтеп шығады.

Бұл 42 -дегі азамат жастықтың буымен кезінде қателік жасағанын айтады. Теріс ағымның жетегіне еріп, экстремизм үшін сотталған. Былтыр жазда мерзімінен бұрын босап шыққан. Қазір полицияның қатаң бақылауында.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Сегіз жыл отырып шықтым. Бір жылым қалды осы октябрь айында біту керек. Сөзбен немен еріп кеттік қой. Ойламаған жерден. Өкініп істеген қылмысымызға сосын қазір жақсы жағынан көрсетіп учасковый инспекторға жүрмін ғой өзімді.