Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Алдағы 3 жылда үй бағасы біршама көтерілуі мүмкін", - риэлтор

14.02.2024ж. 20:00
628
"Алдағы 3 жылда үй бағасы біршама көтерілуі мүмкін", - риэлтор

Алдағы 3 жылда баспана бағасы біршама көтерілуі мүмкін. Мамандар дәл қазір үй сатып алған тиімді дейді. Қытайдың ақшасына қызығушылық танытатындар күрт көбейіпті. Ал Ресей рубльіне сұраныс азайған. Осы және өзге де ақпараттар "Экономика" топтамасында.

Алтыннан жасалатын зергерлік бұйымдар 4,9 пайызға қымбаттады. Неке сақиналары бір жылда 2,9 процентке, қол сағаттар 10 пайызға көтерілді. Бұған бағалы бұйымдардың өндірісінің қысқаруы себеп дейді мамандар. Өткен жылы компаниялар 1,2 млрд теңгенің бұйымын шығарған. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 17 процентке төмен.

Арзан дүние қалмады. Тұрғын үй бағасы тағы қымбаттады. Жаңадан салынған баспананың бағасы 2,9 пайызға көтерілген. Мамандар алдағы үш жылда біршама өседі деп болжам жасауда. Соған қарамастан сатып алу мен сатуға қатысты келісім азаймаған. Алматыда жеке сектордағы үйдің бағасы аспандап кетті. Бұған жердің жиі сілкінуі себеп. Бірақ мамандар табиғи құбылыс бағаға әсер етпейтінін, біраз уақыттан кейін құны қайта қалыпқа келетінін айтты.

Нина ЛУКЬЯНЕНКО, ҚАЗАҚСТАН РИЭЛТОРЛАРЫ БІРЛЕСКЕН ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Жер сілкінісінен кейін жеке сектордағы нысандарды сату мен жалдауға қызығушылықтың біршама артқаны байқалды. Осының аясында кей адамдар бағаны аздап көтерді. Бірақ, мұндай қызығушылық мәмілелерге еш әсер етпеді. Бұл жайт үй мен пәтер бойынша мәмілелер құрылымындағы үлестің қайта бөлінуіне айта қоярлықтай әсер етеді деп айта алмаймын.

Қазір Қытай юаніне сұраныс артып жатыр. Өткен жылы ақша айырбастау пунктерінде аспан асты елінің валютасының сатылымы 5,3 пайызға өсіп, 11 млрд теңгеге жеткен. Басым бөлігін Астана, Алматы, Павлодар облысының тұрғындары алған. АҚШ-тың көк қағазына да сұраныс жоғары. Сатылымы шамамен 1,8 трлн теңге. Ал Ресей рублі керісінше төмендеуде. 4,1 млрд теңгеге ғана айырбастаған. Еуроның да сатылымы 28 пайызға азайды. 215 млрд теңгегені құрады.