Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Атырауда қаңғыбас иттер адамдарға шабуылдап жатыр

AstanaTV
09.01.2017ж. 20:00
3959
Атырауда қаңғыбас иттер адамдарға шабуылдап жатыр

Атырауда қаңғыбас иттердің көзі жойыла бастады. Өйткені таяуда қала шетіндегі Еркінқала ауылында иттер 8 жасар баланы өлімші етіп талап тастаған. Ес-түссіз жатқан баланы сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғын байқап, жедел жәрдемге хабарлапты. Базаргүл Нәдірқызы тарқатады.

Екінші сынып оқушысы ауруханаға «клиникалық өлім» жағдайында жеткізілген. Бір тәулік бойы жан сақтау бөлімінде арнайы тыныс алу аппаратымен тыныстап, жедел медициналық көмектің арқасында беті бері қарады, дейді дәрігер.

Нұрғабыл Айтмұхамбетов,  Атырау облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

Келгендегі баланың жағдайы шектен тыс ауыр. Клиникалық өлімде түсті бала. Оң жақ санында тістелген баланың, үстінде көптеген ушибтары бар, жарақаттары бар, царапина, соларменен бала емдерін алып жатыр. Күні бүгінге баланы жарақат бөлімшесіне аударуға әзірлеп жатырмыз.

Оқыс оқиға жергілікті атқамінерлерді аяқтан тік тұрғызды. Тұрғындар, бұған дейін талай дабыл қаққанда құлақ аспаған ветеринарлық станциясының 5 бірдей бригадасы сол күні ауылдан табылғанын, айтады. Одан бөлек аңшылық куәлігі бар 10 шақты жергілікті тұрғын көмекке шақырылған. Екі күнде 154 бұралқы иттің көзі жойылыпты. Жергілікті билік өкілдері болса, қаңғыбас иттердің көбеюіне тұрғындардың өздері кінәлі,- деп отыр.

Амантай Айтбаев, Атырау қаласы әкімінің орынбасары:

Тұрғындар ит-мысықтарының құжаттары болмағандықтан, жауапкершіліктен қашып, көшеге қоя береді. Осы қаңғыбас иттердің көбейіп кетуіне себеп болып отыр. 

Дегенмен, Еркінқала ауылы тұрғындары әлі үрей құшағында. Ата-аналар балаларын сабаққа жалғыз жіберуге қорқып, мектепті жағалап жүр.

Вера Қошаева:

Таңертең 7 жарым үйден шығып кетеді, дейді, қорқам дейді. Бүгін әкеліп тастадым мектепке. Әкеліп-алып кететін болармыз, басқа ештеңе қалған жоқ. Жұмысты қоямыз, баламен отырамыз, енді.

Мамандар сол маңдағы иттердің сілекейлерінен жағындылар алып, талдау жасауда. Ал ішкі істер департаменті мамандары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Гүлнәзира Мұхтарова,  Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Ит талаған бала туралы хабарлама кезекші бөліміне ауыл тұрғындарының бірінен түскен. Осы оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Базаргүл Нәдірқызы, тілші:

Өткен жылы 1350 адамды ит қапқан. Бұл әкімдік өкілдері ұсынған мәлімет. Жергілікті билік қаладағы қаңғыбас иттерді жлюдан басқа амал жоқ деп отыр. Сондықтан биыл бюджеттен 27 миллион теңге бөлмек.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ