Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Мәжіліс депутаттары өңірлердегі кәсіпорындарды аралап жүр

AstanaTV
09.01.2017ж. 20:00
2509
Мәжіліс депутаттары өңірлердегі кәсіпорындарды аралап жүр

Жамбыл облысындағы тұрғын үй құрылысын қолға алған «БиномСтройДеталь» ЖШС, мемлекеттен төмендетілген пайызбен несие алу жолдарын жеңілдетілсе, дейді. Олар мұндай ұсынысын аймаққа келген мәжіліс депуттатарына жолдады. Халық қалаулылары алдымен Жамбыл ауданында болып, «БиномСтройДеталь» серіктестігінің бүгінгі тынысымен танысты. 2013 жылы қазығы қағылған кәсіпорын алғашқыда су шаруашылығына қажетті құрылғылар шығарса, бүгінде баспана тұрғызуды жолға қойған. Былтырдан бастап олар облыстағы құрылысқа қажетті құрылғылардың 20 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Ашылғалы бері ұзын-саны 7 көпқабатты үй салған. Ал, өз кезегінде халық қалаулылары 17 пайыздық несиені 10 пайызбен алуға болатынын айтты. Өйткені үй салудағы кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекет 7 пайызын өз мойынына алғанын еске салды. Одан бөлек, жергілікті билікке баспана салу үшін бөлінген жерлердің инфрақұрылымын дұрыс шешуді тапсырды.

Мұхтар Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

«Нұрлы жердің» аясында 15 жылдық перспективаны қарайтын болсақ, 1 жарым миллион пәтер тұрғын үй берілуі керек. Қазақстандық үлесі 90 пайызға жетуі керек. Сондықтан дәл осындай кәсіпорындар сапасын сақтай білетін неміс технологиясымен жұмыс істеп жатыр. Сондықтан ең басты мәселе, мына жергілікті әкімдікке қоятын мақсат: дер кезінде инфрақұрылым мәселесін қамтамасыз етуі керек. Үй салынған кезде, сол үйлердің суы, жылуы, газы басқасы дайын болу керек. Сонда үй тез тұрғызылады.

Тағы бір топ депутаттар Павлодардағы мұнай коксын шығару зауытының жұмыскерлерімен кездесті. Халықаралық стандартарға сай өнім шығаратын зауыт «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Өндіріс ошағының басты ерекшелігі - қалдықсыз технология бойынша жұмыс істейді. Бұған дейін керекулік металлургтер аталған өнімді сырттан сатып алып келді. Зауыттың жылдық қуаты 205 мың тонна таза өнімді құрайды. Павлодарлық мұнай коксына сұраныс жоғары. Тіпті Ресей және Қытай мемлекеттерінен де тапсырыс түскен.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Жоғары санмен алатын төлемақылары бар екен, еңбекақылары. Бірақ бұл өндіріс әлі өзінің толық жобалық қуатына шықпапты. Шыққан кезде жұмысшылардың алатын еңбекақылары одан сайын өседі деп ойлаймын.