Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қосшы қаласының екі тұрғыны екі айдан бері табылмай жатыр

AstanaTV
15.02.2024ж. 16:26
1185
Қосшы қаласының екі тұрғыны екі айдан бері табылмай жатыр

Ақмола облысында осыдан екі ай бұрын жоғалып кеткен Қосшы қаласының екі тұрғыны іздестірілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аумақтық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың 7 ақпанында Қосшы қалалық ПБ-на 43 жастағы әйел өтінішпен жүгініп, 26.06.2004 жылғы ұлы Абылайхан Дарынұлы Еркіновті тауып беруін өтінген. Анасының сөзінше, ұлы қаңтардың 23-інде Астана қаласына қыдырып кеткен.

Жоғалған адамның бойы 168 см, дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа қиылған. Үстіне қара шәпкі, қара шалбар, қара аяқкиім киген.

Сонымен бірге осы жылдың 13 ақпанында сағат 20.00 шамасында Қосшы қалалық ПБ-на 41 жастағы әйел жүгініп, 36 жастағы інісін іздеуге көмек сұраған. Ол 6 қаңтарда үйінен шығып, қайтып оралмаған. Ол үстіне көк куртка, қара шәпкі, джинсы, ақ кроссовка киген.

Жоғалған адамдардың екеуі де бұрын үйінен кетіп қалып жүргендер.

«Қосшы қалалық ПБ Криминалды полиция бөлмінің қызметкерлері жоғалған адамдарды Астана қаласынан іздеді, бірақ одан нәтиже шықпады. Оларды іздеуге Ақмола облысы ПД жеке құрамы мен еріктілер тартылды», – деді ведомстводан.

Осы ретте, полиция жоғалған адамдарға қатысты қандай бір мәліметі бар адамдар болса, дереу «102» арнайы желісі немесе 8-(716-51) 79-721, 8-708-354-03-82, 8-705-657-65-55, 8-702-520-40-00 телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.