$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Абай облысында өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтар ұсталды

16.02.2024ж. 20:00
604
Абай облысында өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтар ұсталды

Абай облысында жалған полицейге сенген тұрғын 1 млн теңгесінен айырылды. Алаяқтар өздерін құқық қорғау органының қызметкеріміз деп таныстырған. Жәбірленушіден жеке басын куәландыратын құжатын сұраған. Жеке деректерін иемденіп, шотынан 925 мың теңгесін шешіп алған.

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Абай облысы Жарма ауданының жедел уәкілдері күдіктілердің ізіне жылдам түсіп, оларды ұстады. Белгілі болғандай, алаяқтықпен БҚО-ның үш тұрғыны айналысқан. Қазіргі уақытта жастар қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.