Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

32 жастағы ақмолалықтың өліміне байланысты тергеу жүріп жатыр

AstanaTV
16.02.2024ж. 18:07
1643
32 жастағы ақмолалықтың өліміне байланысты тергеу жүріп жатыр

Ақмола облысында Егіндікөл ауылы тұрғынының өліміне байланысты із қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Егіндікөл ауылының тұрғыны 32 жастағы ер адам шаңсорғыштың шләнгісін көліктің түтін шығатын түтігіне бекітіп, екі жағын жүк салғыш арқылы салонға жіберген. Осының салдарынан көлік өртеніп, ер адам көміртегі тотығымен уланып көз жұмған.

«Қазіргі кезде осыған байланысты өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Ер адамның өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген себептер мен мән-жайды анықтау бойынша сараптама тағайындалды», - деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен.