Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Құтқарушылар Қапшағай су қоймасында балықшыны құтқарды

AstanaTV
16.02.2024ж. 18:46
1848
Құтқарушылар Қапшағай су қоймасында балықшыны құтқарды

16 ақпанда сағат 8:52-де Алматы облысы ТЖД Қапшағай су қоймасының «Голубой залив» учаскесінің аумағыңдағы мұздың сынып, мұз үстінде 1949 жылы туған ер адам қалғаны туралы хабарлама келген.

Шақыру орнына Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу жіберілді.

Ер адам түнде балық аулауға келген екен. Таңертең мұз сынып, ол өздігінен жағаға шыға алмағандықтан, құтқару қызметіне жүгінді.

Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы, 2 бірлік техникасы, жүзу құралдарының күшімен жағаға жеткізілді.

Медициналық көмек қажет емес.

Ер адам Алматы облысы ТЖД қызметкерлеріне өмірін сақтап қалғаны үшін үлкен алғысын білдірді.

Қалыптасқан тұрақсыз ауа райына байланысты және жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұқа мұзда жарақат алу мен адам өлімінің алдын алу мақсатында Алматы облысының ТЖД су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жұқа мұзға шығудан бас тартуға кеңес береді.