$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Көше жөндеуге бар ақшасын беру мен көше тазартудың бар ақшасын жеу...

AstanaTV
14.01.2017ж. 20:00
2302
Көше жөндеуге бар ақшасын беру мен көше тазартудың бар ақшасын жеу...

Астанадағы Сарыарқа ауданы әкімнің орынбасары Риза Акчурин «Астана тазалық» серіктестігінің бұрынғы басшысымен бірігіп екі бірдей компанияға құрылтайшылық жасаған. 2016 жылы қала көшелерін тазарту бойынша барлық конкурстарда осы кәсіпорындар жеңіске жетіп отырған. Аудан әкімінің орынбасары мемлекеттік сатып алулардан 1,8 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Акчурин өзі құрылтайшы болып табылатын компаниялар жеңіп шығуы үшін әкімдіктің бірнеше қызметкеріне пара берген көрінеді. Қазір осы іске қатысы бар тұлғалар тергеу изоляторына қамалды. Биыл Астанада қардың қалың, әрі жиі жауып жатқаны рас. Тазалануы. Қаланың шет жақтарын былай қойғанда, қаланың ішінде машинелер сығылысып әрең жүретін көшелер бар. Дұрыс тазаланбағаннан. 

Арман Тұрлыбек, Астана қаласы, Сарыарқа ауданының әкімі: /телефон арқылы/

Мен де мұны ақпарат құралдарынан естідім. Ол кісі әкімдікте баяғыдан бері қызмет істеп келеді, ал менің тағайындалғаныма әлі 2 ай да болған жоқ.

Бұл эпизодқа перпендикуляр түсетін жаңалық - «Настоящее время» интернет бағдарламасы бір тамаша ролик жариялады.Тәжікстанның астанасы Душанбеде тұратын зейнеткер Тамара Мансурова жаназасына деп жиған 10 мың долларға көше жөндеткен. 63 жастағы Тамара апа күнде шалшық кешіп жүруден мезі болған. «Бұл ақшаны адамдардың игілігіне жұмсайын деп шештім, Алла өмір жасымды ұзартар» дейді, күлімсіреп. Зейнеткер қаржысына жөнделген көшеден жүретін адамдар ризашылық білдіреді. Тамара Мансурова 10 шақырым жолды жөндеткен!

Екі мемлекеттегі осы екі факт бірін-бірі «толықтырады». Бұл қандай елдерде болатын құбылыс?..Айтпақшы, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның бұйрығымен ұлы Рустам Эмомали Душанбе қаласының мэрі болып тағайындалған.