$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қалыңдықтың той күні жағдайы нашарлап, көп ұзамай қаза болды

AstanaTV
17.02.2024ж. 21:07
1156
Қалыңдықтың той күні жағдайы нашарлап, көп ұзамай қаза болды

АҚШ-та коронавирус жұқтырған қалыңдық той болатын күні ауыр халге түсіп, көп ұзамай қайтыс болды деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

29 жастағы Стефани Линн Смит 31 жастағы ғашығы Джейми Бассеттпен некесін қидырып, той жасауы тиіс болған. Стефани сол күні өзін нашар сезіне бастайды. Ол кезде қалыңдық коронавирустың белгілерін сезбеген екен.

"Ол алдағы тойына алаңдап, дәрігерге қаралды. Дәрігер жазып берген дәрілер көмектеспей, жағдайы нашарлай берді", — деп есіне алды марқұмның анасы.

Бірақ қалыңдық көп ұзамай қаза болды.