Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

-45 градус аяз. Синоптиктер 6 қала тұрғындарына ескерту жасады

AstanaTV
19.02.2024ж. 11:16
641
-45 градус аяз. Синоптиктер 6 қала тұрғындарына ескерту жасады

"2024 жылғы 19 ақпанда Қостанай, Өскемен, Риддер, Алматы, Ақтөбе, Астана қалаларында ауаның ластанады", - делінген Қазгидромет таратқан  хабарламада.

Қолайсыз ауа райы - атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Синоптиктер 19 ақпанда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай болжамын да ұсынды.

"Қазақстан Республикасының батысында, оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталь бөліктердің өтуімен қар жауып, оңтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста - тұман. Жетісу облысында – 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45 градус қатты аяз болады деп болжанады. Қарағанды ​​облысының солтүстігі мен шығысында 35-39 градусқа дейін қатты аяз сақталады", - делінген хабарламада.