Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жұмыс орнында отырыс жасап, туған күн тойлағандарға айыппұл салынады

AstanaTV
19.02.2024ж. 11:43
635
Жұмыс орнында отырыс жасап, туған күн тойлағандарға айыппұл салынады

ІІМ әріптестерімен жұмыс орнында туған күнін немесе қызмет бойынша жоғарылатуды атап өткенде дастарханға алкоголь қойса, қазақстандықтар айыппұл төлейді немесе әкімшілік қамауға алынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ берген ақпаратқа сәйкес, қоғамдық орындарға білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, кітапханалар мен мұражайлар, мемлекеттік органдардың мекемелері жататынын айтты.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабына сәйкес, «Алкогольдік ішімдіктерді сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда ішу, онда алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға жергілікті атқарушы орган рұқсат берген немесе қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық адамгершілікке нұқсан келтіретін мас күйде жүру бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады» (2024 жылы 18 460 теңге - еск.).

Егер бұл әрекеттер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, онда бұл он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2024 жылы 36 920 теңге - еск.) айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

ІІМ мәліметінше, осы бап бойынша әкімшілік іс қозғау үшін жеке немесе заңды тұлғаның арызы талап етілмейді.