Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Жыл басынан бері елімізде кинологиялық иттердің көмегімен 575 қылмыс ашылды

19.02.2024ж. 20:00
479
Жыл басынан бері елімізде кинологиялық иттердің көмегімен 575 қылмыс ашылды

Төрт аяқтының бәрі бірдей жауыз емес. Қолға үйретілгендер үй күзетеді, тіпті қылмыскерлерді құрықтауға көмектеседі. Жыл басынан бері елімізде кинологиялық иттердің көмегімен 575 қылмыс ашылды. Иісшіл із кесушілерді әріптесім Дәрібек Бахытбек сынап көрді.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Қылмыскерді құрыққа түсіруде із кесуші иттер осылай жылдам қимылдайды. Қарыс қадам аттатпайды. Қанша мықты болсаң да тырп еткізбейді.

Тапсырма берілгеннен мені тарпа бассалған Блэйс төрт жаста. Кішкентайынан қолға үйретілген, қызметке кіріскеніне жарты жыл ғана болған. Есірткі тасымалдаушылардың ізін кесуге әбден машықтанған.

Дархан АДАЙ, КИНОЛОГ:

Бұның тұқымы Белгейский овчарка дейді. Маленуа тұқымды иттер бұл. Адамға ыңғайлы болу үшін өзіңнің досың ретінде сезіну үшін кішкентай кезінен бағыттап өзіміз бірге алып жүріп есірткі іздеуге үйретеміз.

Иісшіл ит еш қиналған жоқ. Жасырылған затты бірден тапты. Орталықтағы төрт аяқтылардың әрқайсына жүктелген тапсырма бар. Соған машықтанады.

Бұл төрт аяқты да еш мүдірмеді. Орталықта осындай 50-ден астам кәсіби ит қызмет етеді. Әрқайсына жаттықтырушы бекітілген. Тіпті аптасына 2-3 қылмыстың ашылуына септесіп жүргендері бар.

Ақбота ЕНСЕБАЕВА, КИНОЛОГ:

Бұл иттің лақап аты скайп. Біз бұл итпен жұмыс істеп жүргенімізге бір 5 жылдай болып қалды. Бұл жаңағы жоғарыда атап өтілгендей қылмыскердің исін, айғақ затты анықтайды.

Айта кетейік, елімізде 21 кинологиялық орталық жұмыс істейді. Яғни, ішкі істер органдарында 700-ге жуық ит қызмет етеді.