$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда бірнеше көшенің тұрғындары 3 аптадан бері газсыз отыр

19.02.2024ж. 20:00
713
Атырауда бірнеше көшенің тұрғындары 3 аптадан бері газсыз отыр

Атырауда бірнеше көше халқы 3 аптадан бері газсыз отыр. Қыстың қақ ортасында жылусыз қалдық деген тұрғындар жауапты мамандардың әрекетсіздігіне өкпелі. Айтуларынша, газ құбырының қай жерде зақымданғанын әлі күнге таба алмай жүр. Тіпті тұрғындардың өздерінен техника сұрапты.

Өркен ықшам ауданындағы үш көшенің тұрғындары үш аптадан бері үй ішінде сырт киіммен жүрміз,- дейді. Ақпан айының басынан бастап газ сағаттап тоқтаса, соңғы күндері тәуліктеп сөніп, үйдің іші ызғарға айналған. Көпшілігі қауіпті болса да амалсыз газ балонын пайдалануға көшіпті.

Гүлшара ТҰРҒАЛИЕВА, ӨРКЕН ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Екі сағат жанса, бәлен сағат сөнеді. Үйдің іші боран қақап тұр. 109 біздің пробьлема емес дейді 104 бізді келемеж қылады. Сіздерден бәлен кісі соғып жатыр. Нағылдейсіз. Барады шыдаңдар.

Ақмарал МАНЖУОВА, ӨРКЕН ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

109ға соғамыз бір де бір адам біздің шағымымызды қарап келіп қалайсыңдар деп есік ашып келген бір де бір адам жоқ. 12-де де, 1деде түніменен күтіп отырмын. 109 104ке хабарладық дейді. Өзіміз де білмейміз дейді. Тесік бар ма соны анықтау үшін аппаратты өздеріңіз табыңыздар,- деді.

«Қазтрансгазаймақ» қызметкерлері Өркен ықшам ауданындағы Қаратаев, Шөреев, Қапақов көшелері бойын қазып жүр. Бірақ құбырдың қай жерінен газ кетіп жатқанын таба алар емес. Қолымызда газ желісінің құжаты жоқ, өйткені біздің теңгеріміімізге берілмеген дейді олар. Сөйтсе, он жыл бұрын құбырды жүргізген мекеме құжатын тапсырмаған боп шықты.

Саламат ИХСАНОВ, «ҚАЗТРАНСГАЗАЙМАҚ» АҚ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бізге нысан тапсырылмағасын осы құжаттамалары жоқ қой. Сол себепті осы газ құбырлары қай жерде, қай көшеде қалай өтіп жатқанын бізде хабарымыз шамалы. Сол себептен ана жерден қазасың, мына жерден қазып жатсыздар дегенде соған мәжбүр болып жатырмыз.

Шарасыз мамандар ақаулықты анықтағанша іздей береміз,- дейді. Айта кетейік, «Өркен» ғана емес, қаланың 20-ға тарта ықшамауданының газ желісі арнайы мекемеге теңгерімге берілмеген. Яғни қалалық әкімдік иелігінде. Бірақ оның себебін әкімдіктің атқамінерлері он жыл бұрынғы жағдайды білмейміз деп айтпай қойды.