Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қытайдың солтүстік-батысында құмды дауыл соқты

AstanaTV
19.02.2024ж. 17:39
442
Қытайдың солтүстік-батысында құмды дауыл соқты

Қытайдың солтүстік-батысында құмды дауыл көтерілді. Одан Нинсия-Хуэй автономиялық ауданында бірнеше қала зардап шеккен. Сонымен қатар, Шыңжаңда да, аспан сары түске боялып, көлік қатынасы тежеліп отыр. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. 

Мемлекеттік «CCTV» телекомпаниясының хабарлауынша, Ұйғыр Автономиялық Аймағында жолда қалып қойған жүргізушілерге көмекке полицейлер мен құтқарушылар жөнелтіліп жатыр.

Әзірге құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.

Жергілікті метеорологиялық бюроның болжамынша, Шыңжаңда құмды дауыл әлі бірнеше күнге созылуы мүмкін.