Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Көкшетауда жатақханадан өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды

AstanaTV
19.02.2024ж. 18:00
582
Көкшетауда жатақханадан өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды

Көкшетауда жатақханадан өрт шықты.  40 адам эвакуацияланған, оның 10-ы - бала.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 49 жастағы ер адам темекі шегіп отырып диванда ұйықтап қалған. Соның салдарынан төсек-орын мен  линолеум жанған.

«Өртті сөндіруге №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Құтқарушылар жатақханадан 40 адамды (оның 10 бала) эвакуациялады. Ал өрттің шығуына себепші болған ер адамды жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», - деді ведомстводан.